Ұйымдастырушылардың айтуынша, әлемдегі атақты Берлин симфониялық оркестрінің тарихында қазақстандық өкілдің тұңғыш рет жеке орындауда өнер көрсетуі кештің ерекшелігі болды.
Классикалық музыканың қадірлеп, бағасын білетіндер КА.Хачатурян, П.Чайковский және т.б. әлемге танымал сазгерлер туындыларын Қазақстан классикалық музыка мектебі өкілдерінің орындауында тыңдап, шеберліктеріне тәнті болды.
Онда атақты қазақ скрипкашысымен қатар сахнада көптеген өзге классикалық музыканың жұлдыздары, солардың ішінде опера әншілері Йохен Ковальски және Светлана Касьян, Вольфганг Колердің джаздық тобы, Бабельсбергтің неміс оркестрі мен «Primatre» оркестрі өнер көрсетті.
Биыл Берлинде ұйымдастырылған Audi Klassik Open Air классикалық музыка фестивалі осымен 13-ші рет өтіп жатыр. Тамыздың 13-де басталған шара 17-де аяқталады.