Берлинде Қазақстан мен Германия арасындағы экономикалық ынтымақтастықты жандандыру мәселесін қозғаған дөңгелек үстел үстел өтті

30 қыркүйекте болған іс-шараға ҚР Елшісі Нұрлан Онжанов, Стратегиялық ынтымақтастық бойынша Іскерлік кеңестің тең төрағасы -  Deutsche Bank басқарма мүшесі Петер Тильс, Федералдық канцлер мекемесінің Сыртқы экономикалық саясат департаментінің басшысы Андреас Николин, Германия экономикасы Шы­­ғыс комитетінің істер басқарушысы Райнер Линднер, Шығыс және Орталық Европа елдерімен ынтымақтастық жөніндегі бірлестіктің директоры Петер Штокер, ҚР-ГФР Ши­кізат жә­не технология салаларындағы серіктестіктің үйлестірушісі Рудольф Кольм және т.б. қатысты.

Елші Н.Онжанов қатысушыларды «Қазақстан-2050» Стратегиясы аясындағы Қазақстанның саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті аспектілерімен, сонымен қатар Мемлекет басшысының 2012 жылғы ақпан айындағы Германияға сапары барысында қол жеткізілген уағдаластықтарға байланысты екіжақты ынтымақтастықтың басымдықты  бағыттарымен таныстырып өтті.

Кездесу барысында тараптар ұстанымдарды салыстырып, Ши­кізат және технология салаларындағы серіктестік, Қазақстанды индустрияландыру бағдарламасы, сондай-ақ Астанада «ЭКСПО-2017» көрмесін өткізу төңірегіндегі екіжақты ынтымақтастықтың негізгі бағыттары бойынша пікір алмасты.