Берлинде Қазақстанда тұратын этникалық немістердің мәселесі бойынша Қазақстан-Германия үкіметаралық комиссиясының 6-отырысы өтеді

Е.Ашықбаевтың айтуынша, отырыс комиссияның тең төрағалары - ҚР СІМ-нің орынбасары Нұрлан Оңжанов пен ГФР үкіметінің қоныс аударғандар мен азшыл ұлттар ісі жөніндегі уәкілетті өкілі, ГФР ІІМ-нің статс-хатшысы, ГФР Бундестагының депутаты Кристоф Бергнердің басқаруымен өтеді.

"Отырыста Қазақстан Республикасында тұратын неміс ұлты өкілдерін қолдау жөніндегі әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруға қатысты мәселелер талқыланады",- деді Е.Ашықбаев.

Оның айтуынша, комиссия жұмысының қорытындысы бойынша екі ел үкіметтері арасындағы Қазақстан Республикасының неміс ұлтты азаматтарын қолдау саласындағы ынтымақтастық туралы 1996-жылдың 31-мамырындағы келісіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі хаттамаға қол қойылады.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті