Берлускони «Милан» футбол командасы акциясын қытайлықтарға сатпақшы


«Милан» акциясының 75 пайызын қытайлықтарға сату туралы шешім қабылданып қойды, - дейді С.Берлускони. – Мәмілені аяғына жеткізу үшін тағы бірнеше ай қажет».
«Миланға» белгіленген баға шамамен 1,5 млрд еуроны құрап отыр.
Мәміле талабы бойынша, С.Берлусконидің қызы Барбара клубтың бас директоры қызметінде қалуы тиіс.