Бес баламның арқасында жан-жақты болып жатырмын - Мөлдір Мұқан

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Ол әлеуметтік желідегі парақшасында жариялаған видеода әр баласының қызығушылығы мен хоббиін құрметтейтінін айтып, ұлының жауапкершілігіне тәнті болғанын жеткізді.

"Әр баламның ойымен санасамын, қызығушылығын, хоббиін сыйлаймын.

Не деген бақыт! Мен енді балықшымын.

Бес баламнан үйренерім көп екен. Өмір неткен ғажап едің, бес балаларымның арқасында, бес түрлі көзқараспен жан-жақты болып жатырмын. Балаларыммен қатар өзім де өсіп жатыр екенмін.

Балық аулаудың әлемі бөлек екен, оны сезіну керек. Нұриман ұлдарыңыздың үлкен азамат болғанын, шешім қабылдай алатынын, өз ұстанымына беріктігін, мықты тәртібін (дисциплина) көріп бойынан, жүрегіме тыныштық орнады. Күнделікті таңғы бесте өзі тұрып, қармақ-бауымен жасақталып шыққанының өзі - ерлік және жігер.

Нұриманмен өзімді дос сезініп, көңілім бала болып, әңгімелесіп, қазақтың дархан даласындағы бір сәт демалысыммен бөліскенім ғой сіздермен", - деп жазды ол.

Желі қолданушылары әншінің жазбасына жылы лебіздерін білдіріп, оның балаларына деген қамқорлығы мен қайсарлығына тәнті болғандарын жазды.

"Аллам пана болсын от бастарынызға. Қандай керемет көрініс. Мөлдір мықтысын", "Тұрсынбектің жүретін жері ғой...,Мөлдір сен мықтысың", "Әке де, ана да бір өзің болып жүрсің, жарайсың", - деп жазды олар.