Бұл туралы Сaravan.kz медиа порталы хабарлайды.
«Балғынбек Имашевпен бір басшылыққа кіруіміз керек болды. Әкімдіктің алдында 4-5 келіншекті бастап бір апамыз кіре алмай тұр екен. Олар бізді бірден таныды. Балғынбек ағамыз: «Апа, армияңызды бастап жай кеп тұрсыз ба? Әкім болмаса шешілмей ме?» деп сұрады.
– Менің үйімде пешім жарылды, - деді әлгі апа.
«Қанша теңгелік зат?»,- деп сұрап еді, «75 мың теңге»- деп жауап берді апамыз.
Екінші кісі: – Мен көпбалалы анамын. Қоғамдық көлікте жол жүру билетімнің мерзімі өтіп кеткен екен, кондуктор менің бетіме лақтырды. Соны әкімге айтамын, - дейді. Жақсы деп, біз әкімдікке кірдік. Әкімнің екі орынбасары бар екен. Екеуі де шетелде білім алып келген кісілер екен.
– Сіздер енді мына кісілерді ашуландырмай, ертерек есік алдына шықпайсыздар ма? Тезірек шешпейсіздер ме, телеарна келеді, шулайды, - дедік.
– Мәә, біз далаға шықсақ, ол кісілер бізді жеп қояды ғой, - деп жауап берді. Сонда Балғынбек ағамыз:
– Сендер мемлекеттің ақшасына шетелден білім алып келіп бес келіншек, бір кемпірдің тілін таба алмасаңдар, ертең үш жүзді қалай басқарасыңдар? - деп айтқаны бар деді ақын.
Loading...