Бес жылда – 2 млрд түп ағаш: кейбір өңірлер қаржының аздығынан жоспарды орындай алмай отыр

 Қазақстанда бес жылда екі млрд ағаш егу бойынша ауқымды жоспар орындалмай қалуы мүмкін, деп хабарлайды Caravan.kz  медиа порталы Sputnik Қазақстан-ға сілтеме жасап. 

Президеттің тапсырмасымен бес жыл ішінде 2 млрд түп ағаш отырғызу туралы ауқымды жоба іске асырылып жатыр.

Премьер-министр Әлихан Смайыловтың айтуынша, былтыр 66 мың гектар алаңға (138 млн ағаш) ағаш отырғызылды.

"Алайда, биыл кейбір өңірлерде жергілікті деңгейде қаржыландыру аз болғандықтан, жоспарлы көрсеткіш орындалмай қалуы мүмкін", - деді Смайылов үкімет отырысында.


Үкімет басшысы Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарының әкімдіктеріне қаржы министрлігімен бірлесіп, осы жылы ағаш егудің жоспарланған көлемін қаржыландыру мәселесін пысықтауды тапсырды.