Бес жылда ауылшаруашылығының ІЖӨ көлеміндегі үлесі 3,2% төмендеді- вице-премьер



"Жыл сайын мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдаудың ұлғайып отырғанына қарамастан, елдің ауылшаруашылығы саласы өте баяу дамып жатыр",-деді А.Мусин. "Соңғы бес жылдағы өндіріс көлемі небәрі 20,7 % өсті. Оның ішінде ауылшаруашылығының ІЖӨ көлеміндегі үлесі 8,7 пайыздан 5,5 пайызға дейін төмендеді",-деді ол.

Вице-премьер министрдің мәліметінше, соңғы бес жылда "осы салаға берілген тікелей несие 15 есеге -1 млрд теңгеден 15 млрд теңгеге дейін ұлғайды". Алайда, ауылшаруашылығын дамытуға жеке инвестиция өсіп отырған жоқ.