«Бешбармақ-шоу» жобасының үшінші маусымы басталды

Жаңа маусымда бағдарламаның жүргізушісі ауысты. Бұл жолы «Бешбармақ-шоудың» тізгінін күміс көмей әнші Жанар Айжанова ұстайды. Айта кетсек, қазақтың дәстүрін насихаттап, ұлттық асты ұлықтайтын жобаның алдыңғы екі маусымында жеңімпаздар үйлеріне көлік мініп қайтқан болатын. Осы жолы дәмі тіл үйіретін ет тартып, оқ бойы озық шыққан аспазды бағалы сыйлықтар күтіп тұр. Өнерін ортаға салам деушілер жобаға қатысу тәртібін арнамыздың сайтынан таба алады. Үміткерлерді іріктеу 20-шы қазандааяқталады. Ал, 9-шы қарашадан бастап, әр сенбі сайын арнамыздан «Бешбармақ-шоуды» жіберіп алмаңыз!


Жанар Айжанова, «Бешбармақ-шоу» жобасының жүргізушісі:

– Сонымен құрметті көрермендер, «Бешбармақ-шоу» жобасының үшінші айналымы басталды. Сыртта қалып қоймаңыздар, қатысыңыздар. Біздің ұлттық брендіміз – бешбармақты насихаттауға барлығыңыз атсалысыңыздар.