Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Prosports.kz-ке сілтеме жасап хабаралайды.
- «Бешикташ» бұл трансферден толық бас тартты, енді оларға ойыншы қажет емес. Келіссөз аяқталды. Зайнутдинов тым қымбат болып шықты, - деді Дикме «СЭ» басылымына берген сұхбатында.
Бактиер Зайнутдиновтің ЦСКА-мен келісімшарты 2025 жылғы жазға дейін жарамды. Transfermarkt порталы қазақстандық жартылай қорғаушының трансферлік құнын 6 миллион еуроға бағалап отыр.