Беташар исламда жоқ, қырқын, жетісін беру де көнеден қалған - Санжар Керімбай

Бұүл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Бұл туралы ол Qazaq.Airan жобасында мәлімдеді.

"Қазақтарда беташар болған, бұл исламда жоқ. Бұл таза түркілік дәстүр. Ол сақ дәуірінен келе жатқан салт-дәстүр. Оны алып қалады. Оны сокрализация жасап, киелендіреді.

Ең бірінші Хауа ата мен ана пайда болған, сәлем салу содан бері қалған деп таратып жібереді. Бұның да өз киесі бар, бұл Адам атадан қалған деген пікір туғызып жібереді.

Мысалы, жетісін, қырқын беру қалды, әлі күнге дейін адамдар жетісін, қырқын береді. Жылдық асын беру, келе жатыр ғой, әлі күнге дейін өлген жоқ. Азан шақырып ат қою бұрыннан бар. Мысалы, тұсаукесер. Құйрық-бауыр діннен келді деп ойламаймын. Ол көне сақ-ғұн дәуірінен келе жатқан дәстүр меніңше.