Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Журналист Өзбекстан мен еліміздегі діни ахуалды салыстырды.
"Өзбекстанда сақалға тыйым салынып еркек кіндіктінің бәрі жаппай қырынып жатыр. Орталық билік ықпалы күшті болған соң осындай шешімдер қабылданады. (Унитарлы мемлекет) Жалпы адамның адамдығы оның сыртқы формасында емес екені анық. Зайырлы мемлекетте бетіңе сақал қоймақ түгілі жыланның терісін қаптап алсаң да ешкім ештеңе демес. Бірақ Орталық Азия қашаннан мүдделер қақтығысың шеңберінен шыға алмай келеді. Діни шиеленіс, ғылымның артта қалуы, шикізатқа тәуелділік, әлсіз армия осындай қадамдарға мәжбүрлейді. Меніңше кейде осы сақалмен алысқанша азаматтардың білімін, (бұл жерде мен сауаттылықты статистика үшін көрсететін білімді айтып отырған жоқпын) ғылымды көтерген жөн деп санаймын", - деп жазды ол.