Қазір ауруханада оның туған туыстары қасында күзетіп жүр.Әзірге оқиғаның нақты қалай болғаны белгісіз. Тек қырынан тұрған кезде оқ тиіп, төменгі жағын толық жұлып түскені ғана мәлім.
Данияр Әріпов, анестизолог-реаниматолог: «Төменгі астыңғы жақ. Төменгі жақтың 80 пайызы жоқ, үстіңгі жақ 15-20 пайыз. Болашақта пластикалық ота жасау керек. Жалпы жағдайы өте ауыр».
Еске сала кетсек, кеше ОҚО ауруханасына ес түссіз халде бетінен ауыр жарақат алған ер адам жеткізілген болатын. Орын алған оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды.