"Бетке айтатын мінезі бар": Ләйлә Сұлтанқызы істі болған Суханбердиеваға қолдау білдірді


Тележүргізуші Суханбердиеваның мінезі туралы айтып берді.

Бұл туралы ол instagram парақшасында жазды, - деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

"34-36 күнде жаңа кітап жазып шығу үшін адам қатты қиыншылықты бастан өткізген болар. Сизо мен түрменің қайсысы болса да оңай емес...
Эльмира ханыммен қанша рет сапарлас болдым, сұхбат алдым, іс-шараларда жиі көрісетінбіз. Аңқылдақ, түзу, ашық, бетке айтатын мінезі бар. Саясат пен қызыметін қозғамаймын, әйел, ана ретінде қолдағым келеді.
Сізді отбасыңыз күтеді, ал біз кітабыңызды күтеміз. Бір есік жабылғанмен басқа есік ашылатыны заңды құбылыс. Мүмкін мықты бизнесвумен, мүмкін мықты издатель, мүмкін мықты жазушы боларсыз кім білсін. Бастысы аман болыңыз", - деп жазды Сұлтанқызы.