Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Блогер өз ойын желідегі парақшасында білдірді.
"Бұл қай заманның қатындары?! Жаман айтпай жақсы жоқ, еркектерді кінәләй бермей бір сәт ойланайық та. Беттен алып төске шапқан, жоқ жерден ұрыс табатын, ойынға, қарызға кіріп кеткен әйелдер өте көп.
Мұндай алаяқ, қаныпезер, өтірікші, жауапкершілігі жоқ әйелдер қайдан шығып жатыр?! Бәріне еркекті, замандф кінәләп отыра береміз бе?!
Құдай қайда қалды?! Осының бәрі рамазан айында болып отыр. Туған-туыс дегенді тіпті адам көрмейтін, ата-енесін орнына қойған бәдік әйелді қайтеміз?!
Ұлтқа сын! Ана әйел анау бір үйді тас қылған еркекпен шетел асып әрең табылды. Заман не болып барады?! Кімнен көреміз?! Ашшылық көрген заманда да мұндай болмаған шығар… Сіздің ойыңызшы мұндай сұмдық қайдан пайда болады?!", - деп жазды ол.