«Безумный Макс» 4 «Оскар» сыйлығын еншіледі

Айта кеткен жөн, награда табыстаудың  88-ші рәсімін ABC телеарнасы көрсетуде.

"Безумный Макс" фильмі рәсімнің алғашқы сағатында алғашқы алтын мүсіндерді жинап үлгерді.  Картинаға жұмыс жасағандар бірінен-соң бірі сахнаға шықты. Ол он номинацияға ұсынылған. Оның ішінде үздік режиссура, жылдың үздік фильмі бар, деп хабарлады     РИА Новости.

Костюм үшін награданы Ұлыбританиядан дизайнер Дженни Бивен алды. Ол үшін бұл  "Оскарда"  оныншы номинация және екінші жеңісі.      


 Сценография  номинациясында  Колин Гибсон мен Лиза Томпсон жеңімпаз атанды. "Безумный Макс" кейіпкерлеріне шаш үлгісін жасаған үш стилист те марапатталды.