Батыс Қазақстан облысына сапары барысында Д.Робертс Қарашығанақ кенішінде болып, кенішті игеру жұмыстарының барысымен танысып, КПО басшылығымен және қызметкерлерімен кездесті. Сондай-ақ, ол 2003-жылы пайдалануға берілген КПК, ГП-3, ГП-2 және Қалашық тәрізді нысандарда болды.
Сондай-ақ, BG компаниясының басқарушы директоры Батыс Қазақстан облысының әкімі Нұрғали Әшімовпен жүздесті. Кездесуде Қарашығанақты бірлесе игеруші компаниялар мен Батыс Қазақстан облысының басшылығы арасындағы өзара ықпалдастықты дамыту жолдары талқыланды.
BG компаниясының басқарушы директоры жұмыс бабындағы сапармен Батыс Қазақстанда болды
