Биатлоннан ересектер мен жасөспірімдер арасында Қазақстан чемпионаты өтеді

Биатлон - шаңғы жарысы мен винтовкадан ату өнерін үйлестірген қысқы олимпиадалық спорт түрі. Алғашқы кезде әскери патрульдердің командалық жарысынан басталған бұл спорттың қазіргі таңда бірнеше түрі бар. Олар - шаңғы жарысы мен садақ тарту спорты (арчи биатлон), қарда жүгіру жарысы мен мылтықтан ату (қарда жүгіру биатлоны), аңшы шаңғысындағы жарыс және аңшы мылтығынан ату (аңшы биатлоны).

Жарыстарға 2010 жылы Ванкуверде өткен Қысқы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Елена Хрусталева, сондай-ақ Инсбруктегі (Австрия) 2012 жылғы жасөспірімдердің І Қысқы Олимпиада ойындарының жүлдегерлері Галина Вишневская мен Сергей Малахов қатыспақ.

Ел чемпионаты өтетін "Алатау" спорт кешені биатлон, шаңғы жарысы және шаңғыда спорттық бағдарлау бойынша жарыстарды өткізуге арналған. «Солдат сайы» шатқалында орналасқан кешен 7-нші Қысқы Азия ойындарын өткізу үшін 2010 жылы ашылған болатын. Жылдың кез-келген мезгілінде жұмыс жасайтын бұл спорт нысаны түрлі деңгейдегі жарыстарды, сондай-ақ кәсіби және әуесқой спортшылардың жаттығуларын өткізуге арналған.