Биатлоннан Қазақстан құрамасы допинг дауына ілінді

Аустрия жерінде өтіп жатқан биатлоннан әлем біріншілігі кезінде Қазақстан құрамасының басы дауға қалды, деп хабарлайды "Cпорт-Экспресс".

Жергілікті жанармай құю бекеттерінің бірінде белгісіз спортшылар медициналық қалдықтар салынған қораптар мен жарыс құжаттарын тастап кеткен. Аустрияның допингке қарсы Ұлттық орталығының жүргізген сараптамасының нәтижесінде аталмыш қораптар мен құжаттар Қазақстан делегациясына тиесілі екендігін анықталды.

Осыған байланысты, жергілікті 30-ға жуық полиция өкілдері Қазақстан делегациясын тексеріп, әр түрлі медициналық құралдар мен ұялы телефондарды тәркілеген.

Артынша Қазақстан құрамасының барлық спортшыларынан қан-сынамалары алынды.