Бұл туралы ол instagram желісіндегі парақшасында жазды.
"Бұл сот - шоу бизнесте жүргендер үшін хайп болар, бірақ мен үшін емес. Халайық, Нұрболхан екеумізге қылмыстық іс қозғалып жатыр. Бұл азаматтық әлде әкімшілік іс емес. Егер Сеңгірбекова жеңсе, Нұрболхан екеумізге "сотталған" деген қағаз беріледі. Сол үшін бізгне халықтың қолдауы ауадай қажет", - деп жазды Бибігүл Дәулетбекқызы.
Естеріңізге сала кетейік, Ләйлә Сұлтанқызы "Жала жапты", - деген айыппен журналист Бибігүл Дәулетбекқызы мен әзілкеш Нұрболхан Шәріповты сотқа берген болатын.
Сот бүгін сағат 15.00 - де Нұр-Сұлтан қаласы, Есіл ауданының 2 сотында өтеді.