Бибігүл Дәулетбекқызы Мбаппе туралы: Сенің мінезіңнен ауылдағы қайсар мінезді қазақты көргендеймін

Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

"Не ғой, Мбаппе, өзімізге түрі ұқсаған қара бала, туған күнің құтты болсын!

Сен егер де осы чемпионатта жеңгеніңде, сені дәл осылай ел жақсы көрмеген болар еді. Халық сенің тайсалмайтын қайсар мінезіңе, бәрінен де бұрын салмақтылығыңа ғашық болуда. Талай жастарға үлгі болдың. Францияның Президентінің өзі тізе бүгіп жұбатқанында, құлдық санамен орныңнан атып түрегелмедің. Біздікілер болса телефонын ұстап селфилетіп кетер ме еді?! Сенің осы ұстанымың елді сүйсіндірді.

Сен іштей еліңнің намысына күйініп отырдың. Осыны бәріміз жүрекпен сезіндік. Сезініп қоймай саған деген құрметіміз артты.

Сенің қалай бір өзіңнің шаршы алаңда шапқылап жүргеніңді бүкіл әлем көрді. Один в поле не воин! Сенің мінезіңнен ауылдағы қайсар мінезді Қазақты көргендеймін.


Небәрі 24 жасқа толдың. Сенің жасыңдағы жігіттер жүр әнекей, әкесі мен шешесінің ақшасына қарап, әлде, Президенттер ауысқан сайын "сен крашсың" деп жарбаңдап. Ал сен болсаң, білдей Францияның Президентінің өзіне селт етпей Отаныңның намысы үшін жараланып отырдың. Құлдық сана жоқ екен бойыңда. Міне, осы ісіңе сүйсініп, тәнті еттің әлемді.

Аман бол, Мбаппе! Келесі жеңіс сенікі, тойлаймыз әлем болып!

...деп аяқтайын...

Как будто осыны Мбаппе оқып, маған рахмет айтатындай", - деп жазды Бибігүл Дәулетбекқызы.