Осы іс бойынша сот отырысы бүгін Нұр-Сұлтан қаласындағы Есіл аудандық №2 сотында өтті.
Өзі сотқа берген Ләйлә Сұлтанқызы сотқа келмей, орнына екі адвокатын жіберген. Сол себепті сот 5 қыркүйекке ауысты.
Естеріңізге сала кетейік, Ләйлә Сұлтанқызы "Жала жапты", - деген айыппен журналист Бибігүл Дәулетбекқызы мен әзілкеш Нұрболхан Шәріповты сотқа берген болатын.