Биылғы байқауға Қазақстанның түрлі аймақтарынан, сонымен қатар Өзбекстан, Украина, Ресей, Башқұртстан, Татарстан, Армения, Литва және Моңғолиядан келген опера өнерінің 50 орындаушысы қатысты.
Әділқазылар алқасының төрайымы, халықтың сүйікті әншісі Бибігүл Ахметқызының сөзіне қарағанда, қатысушылардың арасынан 12 финалисті іріктеп алу қиын болды. Әділқазылар төрт күн бойы тынымсыз тер төгіп, байқау жеңімпазын анықтады.
Сонымен, аталмыш байқаудың гран-при жүлдесінің иегері болып Л.В.Собинов атындағы Саратов мемлекеттік консерваторияның түлегі, Саратов қаласының Академиялық опера және балет театрының солисті Светлана Курышева атанды.
Бірінші орынды қазақстандық Дамир Сәдуақасов, армениялық Мане Галоян және моңғолиялық Анхбаяр Энхболд өзара бөлісті, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және спорт министрлігінен.