Би-би-си радиосының парсы қызметінің Тәжікстанға арналған "Орталықазиялық хабаршысы" өз жұмысын тоқтатты

Би-би-си радиосының парсы қызметінің бас редакторы Инояти Фонидің хабарлауынша, болашақта бұл миссияны Би-би-си - Тәжікстан веб-сайты атқаратын болады. Сондай-ақ, оның айтуынша, ағымдағы жылдың аяғына дейін Би-би-си-дің жаңа парсы тілді телевидениесі жұмыс істей бастайды.

Би-би-си радиосының парсы қызметінің Душанбедегі кеңсесі 1993 жылы ашылған. Би-би-си-дің бірінші тәжік тілшісі болып марқұм Мухиддин Олимпур істеді.

1997 жылы Тәжікстанда болып жатқан оқиғаларынан құлағдар ететін "Орталықазиялық хабаршысы" атты арнаулы бағдарлама эфирге шықты.