Ресейден импортталатын арзан астық көзі жабылғандықтан отандық кәсіпкерлер зардабын тартып жатыр. Бұл туралы аграрлық сарапшы Кирилл Павлов мәлімдеді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
Қазақстан Қытайға бидай экспортын 15 есеге арттырды деген ақпарат шықты. Алайда қаңтар-тамыз айларында сыртқы сауданың жалпы көрсеткіші өткен жылмен салыстырғанда 40% - ға төмендеген.
Үкімет АШМ мен сауда министрлігіне есеп береді. Бұрын Қытайға астық көбірек жөнетілгенімен, қазір жарты миллион тонна жеткізілді. Вице-министр Қайрат Төребаевтың айтуынша, биыл шамамен 7,5 млн тонна бидай экспорттауға дайынбыз. Бұл жерде сұрақ туындайды дейді маман.
"Дәнді дақылдардың статистикасында бұршақ дақылдары арласқаны сұрақ туындатады. Бұдан бөлек, жиналған дақылдардың статистикалық көрсеткіші шын мәніндегі көрсеткіштен әлдеқайда төмен. Жалпы биыл елімізде ауа райы да соншалықты қолайлы болмағанын да ескерген жөн", - деді маман.
Сонымен қатар, статистикадағы кейбір оқылықтар мен сандар айырмашылығын бұрын Ресей арқылы экспортталатын астық арқылы жауып отырған едік. Қазір бұл жол жабылды. Салдарынан елімізде наубайханалар жабылып жатыр. Мұндай экономикалық жағдайда кәсіпкерлер қалтасынан қағылып жатыр.
"Қостанайда үлкен әрі ескі наубайхана жабылуға мәжбүр болды. Себебі Ресейден келетін арзан астық импорты тоқтатылды. Ал біздің өнім айтарлықтай қымбат, әрі кез келген уақытта қол жетімді емес. Нәтижесінде ешкім шығынға ұшырағысы келмейді. Осындай мәселелерге қарамастан, біздің ауыл шаруашлығымыздағы жеткен басты жеткістігіміз - тұрақтылық", - деді маман Кирилл Павлов.
Еске сала кетсек, Қазақстан Ресейден келетін бидай импортына тыйым салған болатын. Бұған Ресейден келетін астық импортының елдің ішкі және сыртқы нарығына қысым көрсете бастағаны себеп болған. Мәселен, 2024 жылдың алғашқы 5 айында елге Ресей Федерациясынан 1 млн тоннадан астам бидай әкелінген екен. Осы орайда Сенат депутаты Арман Өтеғұлов үкіметке сауал жолдап, Қазақстанның жаңа экспорттық бағыттар тауып, бидай өңдеу саласын дамытуға көңіл бөлуін сұраған еді.