Белгілі журналист Бигелді Ғабдуллин мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Central Asia Monitor басылымына сілтеме жасап. Central Asia Monitor газеті бас редакторының кеңесшісі міндетін атқарушы Бигелді Ғабдуллин оқырмандарына БАҚ-тағы ары қарайғы жұмысы туралы мәлімдеме жасады.
"Журналистикамен айналысқанымы қырық жылдай уақыт болды. Зейнетке де аз қалды. 2017 жылдың 24 қаңтарындағы сот үкімі бойынша мен басшылық орындарды жұмыс істеу мүмкіндігінен айырылып, бес жылға сотталдым. (...) Алайда менің жіберген ағаттығым журналистика және баспа қызметінде ары қарай жұмыс істеуге мүмкіндік бермейді деп ойлаймын", - делінген Ғабдуллиннің мәлімдемесінде. "Бұл менің саналы түрде қабылдаған шешімім. Мен бәрін бағамдадым. Бұл шешімнің астарында ешқандай саяси себеп жоғын ерекше атап өткім келеді. Мен Н.Ә.Назарбаевты және оның қазақстадықтардың өмірін жақсартуға бағытталған саясатын қолдаушы болып қала беремін", - деп атап өтті ол. "Иә, мен ҚР Президенті саясатын қолдаушымын, өйткені Қазақстан жағдайында ең дұрыс саясат екеніне бірнеше рет көзім жетті. Кез келген адамда қателік болады. Маңыздысы оны др кезінде түсініп, ой түю", - делінген мәлімдемеде.