"Билеп, ән айтқан": Алматыда жас қыз жоғарғы қабаттың терезесінен құлап қайтыс болды

Жас қыз терезенің жақтауына шығып алып, билеген. Өлең айтқан. Аталмыш оқиғаның видеосы әлеуметтәк желіде тарады, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Куәгерлердің мәліметінше ол 6-қабаттан құлап кеткен.

Алматы полициясы өз-өзіне қол жұмсау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

Естеріңізге сала кетейік, 24 маусымда Алматыдағы Орталық мәдениет және демалыс саябағында қыз шолу дөңгелегінің кабинасынан құлап, қайтыс болды. Белгілі болғандай, ол үйінде алдымен кішкентай қызын буындырып өлтіріп, сосын өзін өлімге қиған.