Инстаграм әлеуметтік желісінде ЛГБТ жайлы сөз қозғаған Алтынай Жорабаеваның жазбасын инстаграм өздігінен жойып тастаған көрінеді.
Бұл туралы Caravan.kz порталы хабарлайды.
Өйткені әнші өз жазбасында:
"Инстаграм кешегі ЛГБТ жайлы жазған постымды өшіріп тастапты, арттарында кім тұр екен? Кетсінші, білген б...қтарын жесін маған десе. Алла кемшіліктен пәк.Жазаларын береді" - деп жазба қалдырды.
Желі қолданушылары сан түрлі пікірлер жазуда.
"ӨЗІҢ ӨШІРІП ТАСТАҒАН ШЫҒАРСЫҢ ҚОРЫҚҚАНДЫҒЫҢНАН", -деген оқырман пікіріне әнші жауап берді.
"Сонда қалай болып отырмын қазір? Қара басымды ойлап, түк білмегенсіп отырайын ба, басқалар сияқты? Кешіріңіз, олай жасай алмайды екенмін!"
"Мен Алладан басқа ешкімнен қорықпаймын.Осы күнге дейін қаншама пост салдым, сторис салдым. Бәрі тұр, ал кешегі пост ЛГБТ-ға тікелей қатысты болды. Пожаловаться еткен ғой ұжымдағылар. КЕРЕМЕТ болсаң неге өзің осы мәселені қозғамайсың? Тығылып отыра бер онда солай", -деп пікір қалдырды әнші.