В.Резванның айтуынша, 3-шілдеде Алматы қалалық әкімшілігінің бұйрығымен 2 мыңдай полиция қызметкерлері “Баян Ауыл” базарында сауда-саттықпен айналысатын “қарусыз кәсіпкер-әйелдерге қарсы ұрысқа шықты”. “Олардың басым бөлігі бес қаруын сайлап, бронебешпеттер мен сауыттар, дулығалар киіп, қолдарына металл қалқандар, полиция таяқтары мен тоқ соқтыратын таяқтар ұстапты”,- деді ол. Соның салдарынан 19 кәсіпкер-әйел зардап шекті. Сонымен бірге бір кәсіпкер оқиғадан кейінгі стресс салдарынан қайтыс болған. “Тәртіп сақшылары, арнаулы бөлім қызметкерлері, әкімшілік қызметкерлері мен сот үкімін орындатушылар арасында зардап шеккендер жоқ. Жолды жабу, полиция қызметкерлері немесе сот үкімін орындатушыларды соққыға жығу секілді жаппай қоғамдық тәртіпті бұзу деректері тіркелген жоқ”,- деді В.Резван.
Баспасөз мәслихатына қатысуышылардың пайымдауынша, күш құрылымдары мен жергілікті билік өкілдері заңсыз әрекет етті. “ҚР ішкі істер органдары туралы” заңға сәйкес, әйелдерге қатысты арнаулы құралдар мен әдіс-тәсілдерді қолдануға тыйым салынған. Ал “Жекелеген қару түрлерінің айналымын мемлекет тарапынан қадағалау туралы” заңның 14-бабы, 4-тармағына сәйкес, әйелдерге қарсы қару қолдануға мүлдем тыйым салынады”, деді В.Резван.
Баспасөз мәслихатына қатысушылардың пайымдауынша, қалалық әкімшілік кәсіпкерлер мен жеке меншік иелерінің конституциялық және заңды құқықтарын жүйелі бұзып келеді. “Билік азаматтық-құқықтық қарым-қатынастарға ожарлықпен араласып, жекелеген жеке меншік, коммерциялық құрылымдардың пайдасына азаматтардан жеке меншігі мен бизнесін күшпен тартып алуда. Бұл – таза сыбайлас жемқорлық”,- деп мәлімдеді баспасөз мәслихатына қатысушылар.
Кәсіпкерлер мен жеке меншік иелерінің құқығын қорғау одағы, Адам құқығы жөніндегі хартия, Қазақстандағы базарлар қауымдастығы мен “Баян Ауыл-Авто” әмбебап базары саудагерлерінің кәсіподақ ұйымы ел президентіне, үкімет пен бас прокуратураға өткен дүйсенбіде автокөлік базарының аумағында кәсіпкерлерге қарсы қару-жарақ, техника мен арнаулы құралдарды пайдалану деректеріне қатысты мұқият тексеру жүргізуді сұрап мәлімдеме жолддаы. Сонымн бірге олар қаладағы биліктің іс-әрекеттерін заңсыз деп тануды талап етеді. Кәсіпкерлер мен құқық қорғаушылар үкімет басшысының атына жолдаған сауалда ҚР ІІМ-нің “Арлан”, “Сұңқар” және “Бүркіт” сынды арнаулы бөлімдерін, сондай-ақ, кәсіпкерл әйелдерге қарсы қару-жарақ, техника мен арнаулы құралдарды пайдалануға дәл кімнің рұқсат бергенін жария етуді талап етуде.
В.Резванның айтуынша, “Баян Ауыл” базарын “басып алу” шарасына 100 шақты бейбіт кәсіпкер-әйелдерге қарсы резеңке таяқтар мен тоқ соқтыратын таяқтары бар 1500 арнаулы бөлім қызметкерлері, Алматы жол полициясы мен полицияның 300 қызметкері, қалалық әкімшіліктің 30 қызметкері мен 50 сот үкімін орындатушы шыққан.