"Билік бізді орыспен қорқытып отыр" : жазушы Дәурен Қуат өткір пікір айтты

«Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы, жазушы  Дәурен Қуат  ел билігнің ұстанған  саясатына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы. 

Жазушының пайымдауынша, сыртқы саяси күштердің қазаққа деген үрейлі ықпалы - жел сөз . 

"Билік бізді орыспен қорқытатын. Әлі де қорқытып, қосүрейлі қылып отыр. Орыс бізді қытаймен қорқытып келеді.

Орыстың қазақты қорқытатын "бүжәйі" бір қытай емес. Ауғанстан. Талибан билігі. Қала берді — АҚШ пен Батыс. Қазақстан батыстанып кетсе, құриды-мыс, елдік нышанынан тұтас ада болады, т.т.

Қытай бізді қара нөпір халқымен, ықтимал экспанциясымен үрейлендіруде.


... Жалпы мұның бәрін жоққа шығаруға әсте болмайды. Бірақ бәрінен қорқа берсең — құтың қашады. Ең дұрысы — фобиясыз ел болу. Саясаткерлеріміз бастап бәріміз жұрттың үрейін ұшыра бермей, ұлттың рухын оятатын іске ұмтылсақ қайтеді осы?"- деді жазушы желіде.