Бұл туралы ол Нартай Аралбайұлына берген сұхбатта айтты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
"Билік 2008-2009 жыдары мені және оппозициядағы азаматтарды мәмілеге шақырды. Бірақ, ол жерден біз мәміле таппадық. Ақша, қызмет ұсынды. Біраз басылымдар көнді. Өзінің бизнесін сатты. "Дат" газеті де жеке бизнес. Ол қоғамның алдында ешқандай міндет алған жоқ. Мен қоғамның жүгін көтеремін, халықтың сөзін айтамын деп жүк алған жоқ. Ол - бизнес. Соны қабылдау керек. Оны сатуға болатын еді. Бірақ, енді сол кездерде біз келісе алмадық. Бірақ, келіскен басылымдар болды. 2008 жылы газеттің толық 100% 5 млн долларға бағалады. Жаман ұсыныс емес. Бірақ, мен оған көнбедім.", - дейді ол.
Сондай-ақ, депутат билікке қатысты қауіпті шындықты білетінін де жасырмады.
"Мен білетін өте қауіпті тақырып бар. Оны сен арқылы айта алмаймын. Бірақ жуық маңда шығарамын. Егер менің сол тақырыпты көтеруге дайындалып жүргенімді білсе, менің әлдебір себептермен жүрегім тоқтап қалуы мүмкін. Мені ғана емес, ескі жүйеге қатысты қауіпті тақырып көтерген азаматтарға қауіпті болады", - дейді депутат.