Билік EXPO-2017 өткізу бойынша қазақстандықтардан қызық идеялар күтеді

Бұл туралы бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихатында үкімет басшысының орынбасары Қайрат Келімбетов мәлімдеді.

Сондықтан, көрмеге қатысуға шақырамыз, ең қызықты идеяларыңызды күтеміз!, дейді вице-премьер.
«ЭКСПО қала, Астана ғана емес, бүкіл Қазақстан осыншама адамды қабылдауға дайын болуы тиіс. Бұл мемлекеттік бюджет тарапынан да, жеке инвесторлар тарапынан да шығынды қажет ететіні сөзсіз. Біз түрлі конкурстар, студенттік және ғылыми жұмыстар жарысын жариялаймыз», дейді ол.
Халықаралық көрмелер бюросының бас хатшысы Висенте Лоссерталес осы баспасөз мәслихатында мәлімдегендей, көрменің табысы болуы көбінесе оған азаматтардың қатысуына байланысты.
«ЭКСПО - азаматтарға арналған жоба және оның табысты болуы азаматтардың қатысуына байланысты. ЭКСПО шеңберіндегі барлық жұмыстарды дәл осы еліміздің азаматтары өткізуі тиіс», - дейді ол.