Билік Израильде жүрген отандастарымызды абай болуға шақырды

«Индустрия және туризм министрлігінің Туризм индустриясы комитеті мен СІМ Израиль мен Палестина аумағында жүрген отандастырымызды сақ болуға, қақтығыс аймақтарынан аулақ жүруге және атыс болуы мүмкін деген жерлерге бармауға шақырды», - деп хабарлайды Туризм индустриясы комитетінің баспасөз қызметі.

Израильге турлар ұйымдастыратын туроператорлар мен турагенттер саяхатшыларға толық мәлімет беріп, қауіпсіздік шараларын қамдауды ескертуі тиіс, делінген хабарламада.