Соңғы кездері шариғатты әзіл араластыра отырып көпке танылған имам бар шындығын жасырмады, деп жазды Caravan.kz медиа-порталы "Уақыт көрсетеді" бағдарламасына сілтеме жасап.
Сұхбат барысында имам көп сұрақтарға бүкпесіз жауап берді.
- Бізде айтылу керек және айтылмау керек дүниелер бар. Сол шектеуге бағынбаған мінезім болар, қиқарлығым десем де болады. Айтылмау керекті айтып қойғандығымнан қызметімнен босатылдым. Бірнеше жыл жұмыссыз жүрдім. Кейін өзім жұмыс сұрадым. Сол берген жұмыс ауылға имамдықты ұсынды. Мен "ия, бола беремін" дегенімді, бәрі таңқалды. "Расымен, боласыз ба" деп. Сөйтіп, осы ауылға келдім.
Өзім санап отырсам, 1994 жылдан бері имам екенмін. Ол кездері интернет болған жоқ. Сол пандемиядан кейін бастаппын әлеуметтік желіні.
Тик ток-қа кірме деген де шықты. Ол жақта да біреу қызмет қылу керек шығар дедім. Сөйтіп, мені тик ток имам деп шығарды. Бір қызығы оны әріптестерім айтты. Халық айтпады. Тик ток имам келе жатыр деп. Тик ток имам ба деп айтатын болды, деп қынжылыс танытты имам.