Билік партиясының жақтастары Астанаға ағылуда

«Нұр отандықтардың» бір тобы Қостанай облысынан түске таман пойызбен жетті. 33 делегаттың ең маңызды саяси жиыннан күтері көп. Құрылтайға киетін киімдерін дайындап, ал жол бойы жалынды ұрандарын жаттап келіпті.  Ертең Тәуелсіздік сарайында өтетін билік партиясының құрылтайына облыстардан жалпы саны 2 мыңнан астам делегат қатыспақ.

Михаил Дәуенов, «Нұр Отан» партиясының мүшесі:

-Билікпен жақындату. Бәріміз бір қолтық жұмыс жасап, осы қиын тараптан аман-есен шығып және де алдымызға қойған қазіргі үлкен ұлттық және де басқа бағдарламаларды соны орындай отырып, жаңа жеңістіктерге жетуіміз керек.

Loading...