Белсенді Серікжан Біләш әлемге әйгілі Димаш Құдайбергеновті «Қытайдың жобасы» деп атады.
Оның бұл пікірі TikTok әлеуметтік желісін жаулап жүр, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы SN.KZ сайтына сілтеме жасап.
"Димаш Қытайдың жобасы. Оны Америка емес, Еуропа емес дәл Қытай шығарды. Мисыз халқым соны түсінбейді. Мен билікке келсем Димашты Қытайға қайтарып жіберемін, Қазақстанға кіргізбеймін", деді белсенді.
Белсендінің бұл пікірі желі қолданушыларының наразылығын тудырды. Аталмыш видео бес мыңнан асап пікір жинады. Біләштің сөзін жақтағандарға қарағанда даттағандардың қарасы көп.