Осыған байланысты заңгер Айгүл Орынбек Facebook желісінде жазба қалдырды, - деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
"Абай атам: “ Өй, әкеңді ұрайындар Наурызды 572 миллионға тойлап алып, көрде жатқан маған маскі тағып құтылайын дедіңдер ме? Бұндай кретивтерің әкесін ұрайын, маған маскі тағуға миларың жетіп, тойламауға миларың жетпеді ме?Әлде “Мақтаншақ бекер, мал шашып жүргендеріңе мен жауап беруім керек пе?, деп айтқысы келіп жатқан шығар ия?", - деп жазды Айгүл Орынбек.
Айгүл Орынбек жүктеген құжатқа сәйкес бұл Шымкент қаласы бойынша 1 сәуір мен 1 мамыр аралығында коронавирустық инфекцияның алдын алу мақсатында атқарылатын ақпараттық-түсіндірме жұмыстарының іс-шаралар жоспарында "Қалада орналасқан ескерткіштерге бетперде тағу жұмыстарын ұйымдастыру" бары белгілі болды.
Құжатта Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқанның қолы бары анықталды.
Бұған байланысты әкімнің бірінші орынбасары ешқандай пікір білдірмеді.