«Бейбіт халық оларды кеудесімен жауып, қалқалауды тоқтатқан сәтте ол жақта, соның ішінде, Славянскіде тәртіп орнатуға болады. Ол бір-ақ күннің шаруасы», - деді В.Наливайченко сейсенбі күні «5-арнаға» берген сұхбатында.
Шығыстағы биліктің күш қолдануды тоқтату туралы ұсынысын қабылдау қажет пе деген сұраққа ол: «Басқыншы топтарға қарсы бағытталған антитеррористік операцияны мүлдем тоқтатуға болмайды» деп жауап берді.
«Біз билік өкілдерін түсінеміз және оларға Славянскіде, Краматорск пен Донецкте бейбіт өмірді қалпына келтіруге көмектескіміз келеді», деді В.Наливайченко.