Білім беру мәселелері бойынша бірқатар заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін болды

Бұл заң жобасы «Назарбаев Университеті», «Назарбаев Зияткерлік мектептері» және «Назарбаев Қоры» мәртебесі туралы» Заңын қабылдауға байланысты заңнамалық актілердің нормалары арасындағы ықтимал кереғарлықты болдырмау үшін қажет.

Заң жобасымен бірқатар заңнамалық актілерге түзетулер енгізілмек. Атап айтқанда, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау туралы» Кодексіне, Салық кодексіне, Бюджет кодексіне, сондай-ақ «Білім туралы», «Коммерциялық емес ұйымдар туралы», «Акционерлік қоғамдар туралы», «Лицензиялау туралы» және «Халықты жұмыспен қамту туралы» заңдарға түзетулер енгізу көзделіп отыр.

Жоғарыда көрсетілген заңнамалық өзгерістер Университеттің, Зияткерлік мектептердің және Қордың тұрақты дамуы, қазіргі заманғы академиялық басқару нысандарын, қаржыландыру тетіктерін, сондай-ақ инновациялық дамуға қажетті академиялық еркіндікті енгізуге жағдай жасайтын олардың айрықша құқықтық мәртебесін бекітуге және регламенттеуге мүмкіндік береді.

Заң жобасын қабылдау келеңсіз әлеуметтік-экономикалық салдардың туындауына әкеп соқпайды және қаржы шығындарын талап етпейді.

Аталған заң жобасы бойынша құрылған жұмыс тобына Мәжіліс депутаты Гүлмира Исимбаев жетекшілік етеді.