Жемқорлық етек алған барлық сала толық цифрландырылатын болады, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Ұлан Сарқұловтың айтуынша, 2022-2023 жылдардың ішінде ғана жемқор басшылар мен есепшілердің кесірінен мемлекетке 17 млрд теңге көлемінде залал келтірілген. Бұл туралы агенттікітің баспасөз қызметі мәлім етті.
Жемқорлық бойынша, әсіресе, білім саласында сорақы фактілер бар. Мысалы, Талдықорған қаласында білім беру бөлімінің меңгерушісі, бас есепші, бірнеше мектептің директоры 4 млрд теңгеден аса қаржы ұрлаған. Сондай-ақ тұтқындау кезінде көліктен шамамен 1 млрд теңге шықты. Мұндай жағдайлар басқа аймақтарда да анықталған.