Білім беру саласын мемлекет тарапынан қаржыландыру жөніндегі ақпараттан жұртшылық бейхабар - зерттеу қорытындысы

Н.Еркаеваның хабарлауынша, орталық Сорос-Қазақстан қорының "Kazakhstan Revenue Watch" бағдарламасы аясында "Білім беру саласын дамытуға бағышталған мемлекеттік шығындардың тиімділігі" тақырыбындағы зерттеулерді қорытындылады. Орталық өкілінің пікірінше, зерттеу қорытындысына қатысты есепті "білім беру саласындағы үздіксіз реформаларға деген қоғамның қарым-қатынасы мен түсінігіне жасалған алдын-ала сараптама" деп ұғу қажет.

Зерттеулер барысында бірқатар тауқыметтің беті ашылды, деді Н.Еркаева. Олардың ішіндегі ең бастысы - білім беру саласындағы бюджеттік бағдарламаларға қатысты ақпарттардың жабықтығы болмақ.
"Зерттеу барысында біз білім беру саласындағы 2003-2004-жылғы бюджеттік бағдарламалардың төлқұжаттарын талдау үшін беруді өтініп тиісті ұйымдарға сұрау салдық. Мәселенің ең қиын тұсы осы болып шықты. Бірде-бір қаладағы ресми мекемелер біздің өтінішімізді орындамады, бұл ақпаратты беруден бас тартты",- деді Н.Еркаева.
Зерттеулер бес бірдей географиялық аймақта, атап айтсақ, солтүстік (Петропавл), оңтүстік (Тараз), батыс (Орал), шығыс (Өскемен), орталық (Қарағанды) аймақтарда жүргізілді. Зерттеулерге қалалармен бірге ауылдар да қамтылды. Зерттеулер аясында сауалнамаға барлық деңгейдегі депутаттар (парламент және мәслихат), білім беру басқармаларының басшылары, мектеп директорлары, мұғалімдер, ата-аналар мен оқушылар қатысты. Бұл ретте мектеп директорлары "респонденттің аты-жөні жарияланбайды деп 100 процент кепілдік бергеннен кейін барып қана сұхбатқа келіскенін айта кету керек",- деді Н.Еркаева. "Бұдан аталмыш саланың айрықша жабықтығы және саланы қаржыландыру туралы ақпаратты жария етуге ешкім оңайлықпен келіспейтіндігі туралы пайым жасауға болады",- дейді ол.
Сауалнама барысында білім беру саласы қызметкерлерінің 50 проценттен астамы білім беру жүйесінің бюджеті қалай қалыптасатыны туралы ақпараттан бейхабар екені анықталды. Мәселен, Шығыс Қазақстан облысында білім беру саласы қызметкерлерінің небәрі 12 проценті ғана бюджетті қалыптастыру жүйесімен таныс болып шықты. Ал Петропавлда бұл туралы ақпараттан хабардар адамдар ең көп, немесе 46 процентті құрайды. Ауылдық жердегілер облыстық білім беру жүйесінің бюджетінің қалыптасуынан мүлдем бейхабар. Ал қалаларға келсек, Петропавл (18%), Қарағанды (6,7%), Тараз (5,6%), Өскемен (5,1%) қаласының мұғалімдері аталмыш ақпараттан ең хабардар адамдар екені анықталды. Соған қарамастан көптеген өңірлердегі мұғалімдердің 50 проценттен астамы бюджетті қалыптастыруға атсалысқысы келеді.
Н.Еркаеваның айтуынша, зерттеулер салаға қандайбір баға беру мақсатында жүргізілген жоқ. "Біздің есеп - барымызбен базар дегенді паш етеді",- деді ол. Алайды орталық өкілі "аталмыш есеп материалдары басқару саласында шешім қабылдауға негіз болады" дегенге сенім білдірді.