Білім беру саласындағы жемқорлық бәсеңдер емес - Қаржы полициясы

Оның атап өтуінше, қаржы полициясы органдарының жедел-тергеу тәжірибесіне жүргізілген сараптама білім беру саласында жасалатын қылмыстардың жылдан-жылға өсіп келе жатқанын көрсеткен.

«Мәселен, 2013 жылы қаржы полициясы бұл салада 221 қылмысты анықтады. Ал ағымдағы жылдың бірінші тоқсанының өзінде 125 қылмыс тіркелді. Бұл өткен жылдың ішінде анықталған қылмыстардың жартысынан да көп», - деді төраға орынбасары.

А.Лукиннің сөзіне қарағанда, анықталған жалпы жемқорлық қылмыстардың ішіндегі білім беру саласында жасалған қылмыстардың үлесі 16 пайызды құрайды.