Білім беру ұйымдарында 91 496 ер-педагог жұмыс істейді

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы BAQ.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Оқу-ағарту министрлігі «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы «Талдау» ұлттық зерттеулер және білімді бағалау орталығы» АҚ мәліметінше, бүгінде еліміздің білім беру ұйымдарында 91 496 ер-педагог жұмыс істейді. Оның 13 488-і колледж, 75 362-і мектептерде, 2646-сы мектепке дейінгі ұйымдарда.