Г.Гамарниктің хабарлауынша, 2005-2006 оқу жылында былтырғымен салыстырғанда мемлекеттік білім гранттарының саны 31210-ды құрайды. Соның ішінде 30210 грант күдізгі, 1000 грант сыртттай оқу бөліміне арналған.
"Мемлекеттік тапсырысты қалыптастыру барысында біз бірінші кезекте салалық министрліктер, агенттіктер мен әкімшіліктердің өтініштерін қараумен бірге елімізді индустриялық-инновациялық дамыту стратегиясының мақсаттары мен инновациялық даму мақсатында мамандар дайындау жоспарын ескердік",- деді вице-министр.
Г.Гамарниктің айтуынша, биыл былтырғымен салыстырғанда мемлекеттік тапсырыс көлемі техникалық мамандықтар бойынша 700, жаратылыстану ғылымдары бойынша 140, ауылшаруашылығы мамандықтары бойынша 110, қызмет көрсету саласындағы мамандықтар бойынша 96, дәрігерлік мамандықтар бойынша 500 бірлікке өсірілді. Сонымен қатар педагогикалық мамандықтар борынша гранттар саны 5 мыңға артты.
Мемлекеттік білім гранттарын алуға бағытталған байқау барысында "Алтын белгі" иегерлеріне, жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жарыстардың, республикалық олимпиадалар мен ғылыми жарыстардың жеңімпаздарына артықшылық беріледі.
Сонымен бірге биыл түрлі мамандықтар бойынша магистратурада күндізгі бөлімде оқуға 2550 орын бөлінді. Былтырғымен салыстырғанда магистратурада оқу құны 334,7 мың теңгеге дейін қосылды. Магистрлерді дайындауға арналған мемлекеттік тапсырыс 54 жоғары оқу орнына бөлінді. Ал мемлекеттік тапсырыс үшін байқауға магистртуралық 108 мамандық бойынша 62 жоғары оқу орны қатысты.
Магистртураға түсу жөніндегі өтініштер 15-маусым мен 15-тамыз аралығында қабылданып, қабылдау емтихандары тамыздың 16 мен 30-ы аралығында өткізіледі.
Қабылдау комиссиялары магистранттарды 10-қыркүйекке дейін оқуға қабылдайды.
Сонымен бірге биыл алғаш рет мемлекеттік білім тапсырысы бойынша Әл-Фараби атындағы ҚазМҰУ мен Л.Гумилев атындағы Еуразиялық Ұлттық университетінің негізінде PhD бағдарламасына сәйкес докторантураға адамдар қабылданады.