Бұған дейін «Назарбаев университетін» басқарған ол Бақытжан Жұмағұловтың орнына тағайындалып отыр. Ал кеше ғана Астанадағы мектептерді аралаған Жұмағұлов аяқасты отставкаға жіберілді. Бұған дейін түрлі дау-дамайдың ортасында қалған экс-министрдің не себепті жұмыстан кеткені белгісіз. Айта кетейік, күні кеше ғана бір топ ғалым Жұмағұловты докторлық диссертация жазу кезінде плагиаттықпен айналысты деп айыптаған болатын. Ал биыл мамыр айында Білім министрінің орынбасары Саят Шаяхметов қамауға алынды. Ол бюджет қаржысын миллиардтап қалтаға басты деп айыпталуда. Айта өтейік, Бақытжан Жұмағұлов Білім жәні ғылым министрлігін 3 жыл басқарды.