Министрдің пікірінше, "білім берудің біртұтас стандарттарының, материалдық техникалық базаның, қаржы ресурстарының жоқтығы" күрделі мәселелердің бірі. "Сондықтан да тез арада білімді ұйымдастырудың біртұтас стандарттарын жасап, жүзеге асыру қажет, онда мектептерге , колледждерге , жоғары оқу орындарына қойылатын талаптар айқын көрсетілуі тиіс",-деді ол.
Ж. Түймебаевтың пікірінше, "болашақта осы бағытта атқарылатын жұмыстар білім беру технологиясын , махзмұны мен құрылымын жалпы Еуропалық стандарттарға сәйкестендіруге мүмкіндік береді" .
Сонымен қатар, министр "білімді қаржыландырудың жаңа жүйесін, ең бастысы орта және жалпы білімді ағымдық қаржыландыруды мақұлдайды". "Сол кезде мектептердің не үшін ақша алып отырғандары белгілі болады. Ал, олар ақшаны оқушыларға сапалы білім беріп отырғаны үшін алып отыр. Мұғалімнің жалақысы да сапалық көрсеткіштерге байланысты болады",-деді министр.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті