Нұрбол Арманов, құрылысшы:
– Бармаған жеріміз қалмады. Мына адамдар оннан, жиырмадан бір бөлігі. Әлі маңырап жүрген адамдар көп. 500 адам бар, барлығы айлығын ала алмай келеді қаңтар айынан бері. Айлық 80 мен жүз мыңның арасында. 5 айды есептеңіз.
1040 орындық жаңа ғимаратты осыдан бір апта бұрын қала басшысы Ахметжан Есімов Білім және ғылым министріне мақтана таныстырып, тамыз мәслихатын өткізген болатын. Ішінде үлкен концерт залы, кинотеатр және компьютерлік залдар бар. Бірақ оны небәрі бір жарым жыл ішінде рояльға ұқсатып тұрғызған құрылысшылар еңбекақысы әлі алмапты. Қаңтардан бері жалақы бермеген «Толқын» құрылыс компаниясының басшылығы олардың әрқайсысына кемінде 500 мың теңге берешек болып қалған. Жұрттың осыны айтып , шулап жатқанына айлар өтсе де мәселе шешімін таппапты. Сондықтан ашулы құрылысшылар бүгін қала әкімдігіне жол тартты. Бірақ атқамінерлер қажетті үш жарым миллиард теңгені аудардық деп өздеріне шаң жуытпады.
Мәди Отарбаев, Алматы қалалық құрылыс басқармасы басшысының міндетін атқарушы: