Білім министрлігі бюджеттен бөлінген қыруар қаржыны мақсатсыз жұмсаған


Министрлік биыл Атырауда, Екібастұзда, Шымкент пен Өскеменде кәсіптік орталықтарды пайдалануға беруі тиіс еді. Ол үшін қазынадан жалпы 12 миллиардтай теңге бөлінген. Алайда, ведомства тек Атыраудағы оқу ордасын аяқтапты. Қалғанының жақын маңайда бітетін түрі жоқ. Мұнымен қоймай шенділер Павлодардағы кәсіптік орталықтың құжатын қолдан өзгертіп, шығынды асыра көрсеткен. Шымкенттегі лицей де жер дауына байланысты тұралап тұр. Өскеменнен бой көтеруі тиіс 700 орындық кәсіптік орталықтың да қазір орны ғана бар. Ал, нысанға бөлінген 1 жарым млрд теңгені бұрынғы вице-министр Саят Шаяхметов қымқырды деген күдікпен қазір қамауда отыр.