Оның үстіне, республика бойынша мектептер әскери оқу құралдары және қару-жарақтың жасанды түрімен әлі де толық жабдықталмаған. Ал Сән және дизайн колледжіндегі граната жарылысынан кейін Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов бұл пәнді мектеп бағдарламасынан мүлдем алып тастау туралы ұсыныс айтқан болатын. Қазіргі уақытта бұл мәселеге байланысты министрлік жанынан құрылған арнайы комиссия сараптама жүргізуде. Аталған пәннің алдағы уақытта мектеп бағдарламасында болу-болмауы немесе қандай да бір өзгерістер енгізілетіні сол сараптаманың қорытындысынан кейін белгілі болмақ.
Қалкен ЖАХИН, ҚР Білім және ғылым министрлігінің өкілі:
- Алғашқы әскери даярлық пәні мемлекет тарапынан енгізілген пән. Қорғаныс министрлігінің заңдарымен бекітілген, оқу орындарында осы пәнді оқытуға тиісті деп. Және де өз тарапымыздан 12 жылға көшу себепті білікті мамандармен сұхбаттасып, әрі қарай осы пән бола ма, болмай ма, соның себептері шешіледі деп ойлаймын.