Білім министрлігі қандай мұғалімдердің жалақысын көтеретіндерін түсіндірді

Оған сәйкес сабақты ағылшын тілінде түсіндіре алуға қабілетті мұғалімдердің базалық міндетті жалақысына үстеме ақша төленеді.

“APTIS, IELTS, TOEFL, В1-Intermediate, B2-Upper-Intermediate немесе C1-C2-Advanced деңгейлерінің бірі бойынша сертификатқа ие, физика, химия, биология, информатика пәндерін ағылшын тілінде түсіндіре, оқыта алуға қабілетті мұғалімдерге міндетті жалақысынан бөлек 200 пайыз мөлшерде қосымша ақы төленеді”, – делінген бұйрықта.


Бұл бұйрық 2017 жылдың 1 қыркүйегінен бастап күшіне енген. Себебі биылғы оқу маусымынан бастап бірқатар пәндерді ағылшын тілінде оқыту бойынша сынақтық жүйе басталып кетті. Сынақ нәтижесі бойынша пәндерді ағылшын тілінде оқытудың нақты кестесі бекітіледі.